Жамбыл облысындағы үш күнгі өртте сексеуіл орманы жанып кетті
Жамбыл облысында қатты желден дала өрті ұлғайды. Бүгінде 40 мың гектар сексеуіл орманы жанып кеткен.
Автор: Ұлан Нұрахмет
22.07.2020
Бес күннен бері өрт сөндірушілер тілсіз жауды жерден де, көктенде сөндіріп әлекке түскен. Өйткені оттың ірі төрт ошағы тіркелген. Өрт сөндіруге алты ауданнан 250 адам жұмылдырылды. Оларға жақын ауылдық округтардың тұрғындары да көмекке келген. Қазір қағаздай жанған қураған шөп пен сексеуіл сөндірілді. Дегенмен мамандар әлі қадағалап отыр.
Аслан Оразбеков, Жамбыл облыстық табиғи ресурстар және табиғатты пайдалануды реттеу басқармасының басшысы:
-Күннің 40 градус ыстығы мен 18-20 метр жылдамдықта жел тұрып, орман өрті кең алқапқа тарап, өртті бірден сөндіру мүмкін болмады. Үш күн өшпеген өрт кеше кешке жақын тоқтатылды. Бүгін ортасындағы шоқтар қаралып, жұмыс жүргізілуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!