Жамбыл облысында карантинді бұзған жасөспірімдердің ата-аналары айыппұл төлеп жатыр
Жамбыл облысында карантиндік режимді бұзудан жасөспірімдер көш бастап тұр. Осы айдың өзінде полиция учаскелеріне 500-ден астам мектеп оқушысы түскен. Карантин тәртібін бұзған жасөпірімдердің ата-аналарының барлығы айыппұл төлеуге мәжбүр болды.
Автор: Бекен Әлирахым
23.07.2020
-Сағат 23:00 кейін, міне, сағатқа қараңдар, кәмелетке толмаған жасөспірім көшеде жүруге болмайды...
Тәртіп сақшыларының айтуынша, түнімен көше кезетін балалардың саны 10-15-тен артып кетеді. Олар топтасып алып саябақ, демалыс орындарында ересектердің қарауынсыз жүре береді. Қазір карантин кезінде Таразда түнгі сағат 23:00 ден таңғы сағат 7:00 ге дейін оқушылар тұрмақ, ересектердің де көшеде жүруіне рұқсат жоқ. Ал баласын түнгі мезгілде көшеге жіберген ата-аналар ең кемі 50 мың теңгеден астам айыппұл төлейтін болады.
Әлішер Қалышев, Тараз қалалық ювенальды полиция бөлімінің бастығы:
-Ата-аналар көп жағдайда балаларының қайда жүргенін білмейді, қадағаламайды. Сондықтан айыппұл салып жатырмыз. Ал түнгі мезгілде жасөспірімдер ойына келгенін жасайды. Ақыр аяғында қайғылы оқиғаларға тап болады. Біздер соның алдын алуға тырысып жатырмыз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!