{metadescription}
Рейд: Семейде жабылуы тиіс сауда орталықтары ашық тұр
Рейд: Семейде жабылуы тиіс сауда орталықтары ашық тұр

Рейд: Семейде жабылуы тиіс сауда орталықтары ашық тұр

Семейде күшейтілген карантиннің қауқары жоқ. Рейдке шыққан мобильдік топ өкілдері бас санитар дәрігердің қауылысы сақталмайтынына көз жеткізді. Шаһардағы жабылуы тиіс сауда орталықтарының басым бөлігі ашық тұр. Кейбіреуі тексерушілерді көрген бетте есігін жауып, ішке кіргізбей әлекке түсірді.

Талапқа сай келмейтін нысандар карантинге жаппай жабылсын деген нұсқау жергілікті бас санитар дәрігердің қауылысында тайға таңба басқандай көрсетілген. Бірақ, кәсіпкерлер ол ережемен санасатын емес. Кейбіреуі, жасырын есік арқылы кәсібін әлі де дөңгелетіп отыр. Ал енді біреуі жабылудың орнына демалыс күндері де жұмыс жасауға мүмкіндік беруін талап етті.

Ерлан Жақыпов, Сауда орталығының әкімші-директоры:

-Біздің бірінші қабаттағы азық-түлікпен жұмыс істеп тұрған сауда алаңдарын жабуды сұрап отыр.  Бүгінгі күнде де ол кісілерге қарсы шықпай бірге жұмыс істейтін боламыз. Бірақта азық-түлікті бірінші кезекте жұмыс істетуін талап талап етеміз. Олардың сенбі, жексенбі күндеріде қызметін жалғастыруын талап етіп отырмыз.

Шаһарда жарияланған карантин қауқарсыз секілді. Себебі, алысқа бармай-ақ орталықтағы сауда орындары мен сұлулық салондары жұмысын жалғастырып жатыр. Тіпті оған ағылған жұрттың қарасы да қалың. Бұндайды мобильдік топ өкілдері күтпесе керек. Ақыры олардың өздері абдырап қалды.

Гүлбаршын Ұланқызы Семей қаласының тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау басқармасының бас маманы:

-Сауда орталықтарының барлығы жұмыс істемеуі қажет. Тек 500 шаршы метрден асқандар ғана онлайн режимде жұмыс жасайды. Ал 500 шаршы метрге дейінгі жеке орналасқан сауда орталықтарына жұмыс істеуге мүмкіндік бар. Көп жағдайда бұл сақталмай отыр. Барлық жерде сауда орталықтары ашық. Яғни жұмыс істеп жатыр.

Рейд барысында мамандар кәсіпкерлерге ескерту жасаумен шектелді. Енді қатаң карантиндік талапқа бағынбағандарды әкімшілік жауапқа тартпақ. Олардың айтуынша, жеке тұлғаларға 30,ал кәсіпкерлерге 230 айлық есептік көрсеткіш көлемінде айыппұл салынады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде