{metadescription}
Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр
Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр

Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр

Кедейлер көбейіп, теңсіздіктің арасы алшақтайды. Дүниежүзілік банк Қазақстанға қатысты осындай көңіл көншітпейтін болжам жасады. Пандемия кесірінен Қазақстанды соңғы 20 жылда болмаған экономикалық дағдарыс күтіп тұр дейді халықаралық қаржы ұйымының сарапшылары. 

Экономика әлсіреп, бюджетте табыстан гөрі шығын көлемі артуы мүмкін. Банктың есебі бойынша, қазірдің өзінде Қазақстанның ішкі жалпы өнімі 3 пайызға қысқарып, еңбек нарығы тежелген. Сарапшылар білім беру саласына да тоқталған екен. Ол жақта да үміттен күдік басым. Яғни коронавирус сапалы білімге кері әсер етеді. Себебі, аз қамтылған топтар қашықтан оқу үшін балаларына барлық жағдай жасауға мүмкіндігі жоқ депті Дүниежүзілік банк сарапшылары.

Ұзақ уақытқа созылған дағдарыстың салдары Қазақстанда кедейлік пен теңсіздік деңгейін арттыруы мүмкін. Болжамдарға сүйенсек, 2020 жылы кедейлік деңгейі 8,3-тен 12,7 пайызға жетуі ықтимал. Бұл 800 мыңнан астам адам кедей өмір сүреді деген сөз.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде