{metadescription}
Бір донордың иммундық плазмасы 2-3 науқасты емдеуге жетеді
Бір донордың иммундық плазмасы 2-3 науқасты емдеуге жетеді

Бір донордың иммундық плазмасы 2-3 науқасты емдеуге жетеді

Қазақстанда коронавируспен ауырған әрбір екінші азаматтың бойында антидене бар. Медициналық зертхана мамандары осындай қорытындыға келіп отыр. Бір донордан алынған сол иммундық плазма 2-3 науқасты емдеуге жетеді екен.

Бұл плазмалар 3 жылға дейін сақтауға жарамды. Жүзден аса отандасымыз оның пайдасын көріп үлгерген. Ағзасында антиденесі бар азаматтар плазма тапсырса, оларға 20 мың теңгедей төленеді. Иммундық плазма және антидене айналасындағы ақпаратпен тілшіміз бөліседі.  

Әуелі иммундық плазма дегенді ұғып алсақ. Бұл әлдебір дертті басынан кешкен адамның қанындағы пайда болған вирусқа қарсы күш шоғыры. Медицина түсінігінде антиденеге бай қан құрамы екен. Зертханалық зерттеудің нәтижесінен белгілісі, коронавирустың орташа және асқынған түрімен ауырып шыққан азаматтардың иммундық плазмасы аса қуатты келеді. Мұндай плазмалармен covid жұқтырғандарды емдеуге болады.      

-Бір донордан антиденесі бар 600 миллилитр плазма қажет. Дәрігерлер содан өздеріне қажетті бөлігін ғана алады. Ал лейкоцит, эритроцит секілді қосымша қан құамдары донордың өзіне қайта құйылады. Сондықтан қан, плазмасын тапсырған азаматтың иммунитеті әлсірейді деп қорқудың қажеті жоқ.

Қазақстанда  коронавируспен күресте антидененің тиімділігі жайы осы сәуір айынан бастап тексеріліп келеді. Аты жаман індеттен айыққандар әуелгі кезде донор болуға секеммен қараса, бүгінде олар өз құлқымен қан тапсырып жатыр екен. Қазіргі карантиндік шектеулерге байланысты, елдегі қан орталықтары ондай донорларға арнайы көлік те бөліп отыр.

Зәуреш Әлменова, қан және оның компоненттерін дайындау бөлімінің дәрігері:

-Еліміз бойынша 679 доза дайындалды. Ауруханалардағы тапсырыс бойынша 277 доза ауруханаға берілді. 119 пациент негізгі еммен қоса, осы иммундық плазманы 119 пациентке құйып, осы емнен кейін аталмыш науқастардың жағдайы жақсарып, үй жағдайына жақсы денсаулықпен шығарылды. 

Антиденелердің айықтырғыш күші бары әлдеқашан дәлелденген. Бүгінде еліміз бойынша қан орталықтарынан бөлек, жекеменшік зертханаларға да плазма тапсыруға болады. Ал коронавируспен ауырып шыққан науқастардың тең жартысында антидене қалыптасқанына мамандар өткен аптада көз жеткізіпті.

Фуат Дивеев, медициналық компанияның бас директоры: 

-Өткен жұма күні кешке жақын зертхана жұмысының нәтижесін сараладым. Сынама тапсырған 300 адамның 60 пайызынан антидене анықталыпты. Яғни ел бойынша шоғырланған зертханаларымызға келген 300 азамат коронавирустың әлдебір түрін бастан кешірген болып тұр.

Мамандардың айтуынша, вирустың жеңіл түрімен ауырған, яғни симптомсыз науқастарда да антидене болады, бірақ өте әлсіз түрі. Бір сөзбен айтқанда, симптомсыздардың плазмасы пайдасыз. Ал вирустың орташа және ауыр түрін бастан кешкендердің иммундық плазмасы 3 науқасқа жетеді екен. Өңделген иммундық плазмаларды зертханалардағы тоңазытқыштарда 3 жылға дейін сақтауға болады.  

Алексей Балась, клиника-диагностикалық зертхананың маркетинг және инновация директоры:

-Бүгінде адам бойында түзілген антиденелер ағзада нақты қанша уақыт сақталатынын бақылаған ешкім жоқ. Бірақ кейбір ғылыми зерттеулердің нәтижесінен белгілі болғаны, антиденелер 2-3 ай ағзада өмір сүреді. Одан кейін көлемі кеміп кетеді екен. Бірақ бұл әр адамның иммунитетіне де байланысты. Алайда антиденелердің жарты жылға дейін ағзада сақталып, вирусты жолатпайтындай қауқар көрсететінін тағы да жоққа шығара алмаймыз.

Иммундық плазма донорлары 18 жастан асқан, салмағы 50 келіден төмен емес, әрі ешқандай инфекциялық ауруды бастан кешпеген болғаны жөн. Мұндай донорларға 7 айлық есептік көрсеткіш, яғни 20 мың теңгедей төлем де қарастырылған.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

08 ақпан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде