{metadescription}
Алакөл карантинге жабылды
Алакөл карантинге жабылды

Алакөл карантинге жабылды

Суға түсу маусымы енді қызған кезде Алакөл карантинге жабылды. Көлдің Шығыс Қазақстан облысына кіретін бөлігіне бүгіннен бастап баруға тыйым салынған.  Алматы облысындағы туристік орындарда да демалуға шектеу қойылды. Қапшағайдың жан-жағына блок-бекеттер орнатылған. Сондықтан жазғы демалысын жоспарлаған жұрттың әзірге үйде қалуына тура келмек.

Мұндай шешімді жергілікті бас санитар дәрігерлер шығарды. Қапшағай күшейтілген карантин режимі аяқталғанша, яғни 2-тамызға дейін жабық болады. Ал суы шипа Алакөлдің Үржар ауданына қарайтын бөлігі енді қашан ашылатыны белгісіз. Алайда,бұл қаулы шыққанға дейін келген туристер жолдама мерзімі біткенше көл жағалауында қала алады. Шектеу шаралары коронавирус инфекциясының таралуына жол бермеу мақсатында қолға алынып отыр. Бұған дейін Көлсай көлдері мен Медеу, Бутаковка және Алма-Арасан шатқалдары мен Бурабайға саяхаттауға тыйым салынған болатын.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

22 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде