{metadescription}
Жалпы статистика: КВИ белгілері жоқ науқас көбейіп барады
Жалпы статистика: КВИ белгілері жоқ науқас көбейіп барады

Жалпы статистика: КВИ белгілері жоқ науқас көбейіп барады

Елімізде коронавирустың белгілері жоқ науқастар көбейіп барады. Мәселен, соңғы бір тәулікте коронавируспен тіркелген 1687 науқастың 776-ы – симптомсыз. Ал елде қауіпті кеселге шалдыққандардың жалпы саны 80 мыңға таяды. Оның ең көбі Алматы қаласында – індеттің ілмегіне іліккендер 10 мыңнан асқан.

Алматы мен Нұр-Сұлтан қаласында карантиндік шара күшейтілгенімен, жағдай тұрақталды деуге әлі ерте. Оңтүстік астанада бір күнде көрінбейтін кеселдің қақпанына 247 адам түсті.

Шығыс Қазақстан облысында да жағдай дәл осындай. Тіпті жұқпалы дерт шалғай ауылдарға да таралып жатыр. Соңғы тәуліктің ішінде өңірде бірден 216 адам коронавирус жұқтырған.

Бағлан Тауанова, ШҚО тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің баспасөз хатшысы:

-Облыста коронавирусты жұқтырған 2568 адам ауру белгілерімен, 2346 адам симптомсыз тіркелді. Жалпы науқас саны – 914. Сауығып шыққандар саны  2700.

Атырау облысында ахуал тұрақталып келеді. Мұнда COVID-19 жұқтырған науқастардың 6 мыңға жуығы ауруынан жазылған. Осыған дейін күн сайын 500-ден аса науқас қауіпті дерттің құрығына түссе, қазір көрсеткіш төмендеген. Мәселен, соңғы тәулікте кесел 180 адамнан анықталды. Аймақ бойынша қауіпті індетке шалдыққандардың жалпы саны 9 жарым мыңнан асады.

Нұрлыбек Қабдықапаров, Атырау облыстық ДСБ басшысы:

-24-шілде күнгі ақпарат бойынша бүгін 180 адам ауырды, ол 1,89 пайыздық өсім. Тәуліктік сынама бойынша 1611 ПТР тест жасалған. Соның ішінен 180 жаңа науқас шықты. Бұл 9,3 пайыз.

Қазір елімізде коронавирусқа шалдыққандардың саны 78 мыңнан асты. Көңіл көншітпейтін көрсеткіште Алматы көш басында. Одан кейінгі орынға орныққан Атырау облысы мен Нұр-Сұлтан қаласында статистика шамалас. Бүгінге дейін 50 мыңға жуық отандасымыз ауруынан айықса, өкінішке қарай, 610 науқас мәңгілік мекенге аттанды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде