Бір тонна марихуана әзірлеген Шу тұрғыны ұсталды
Жамбыл облысында бір тоннадан астам марихуана әзірлеген тұрғын ұсталды. Кәсібін жасыруға тырыспаған ол «кептіріп, сатпақ едім» дейді.
Автор: Бекен Әлирахым
27.07.2020
35 жастағы наша сатушыны тәртіп сақшылары Шу ауданында ұстаған. Күні бойына қарасора шауып, кешке кептіріп дайындаумен айналысыпты. Есірткі шаруасын дөңгеленткен оның үстінен полицейлер кезекті рейд кезінде түскен. Бұл азамат 1 тонна 278 келі нашаны әзірлеп қойыпты. Өзінің айтуынша, солтүстік облыстарға сатпақ болған.
Ержан Бейсембаев, Жамбыл облыстық ПД есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы бастығының міндетін атқарушы:
-35 жастағы азамат жедел тергеу орындарына жеткізілді. Ол кінәсін мойындап отыр. Бұл азамат есірткі заттарын аса ірі көлемде дайындап таратпақ болғаны үшін айыпталды. Айыпталған бапқа сәйкес 10-15 жылға дейін бас бостандығынан және мал-мүлкінен айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!