{metadescription}
Қапшағайда үш бала бірдей суға кете жаздады
Қапшағайда үш бала бірдей суға кете жаздады

Қапшағайда үш бала бірдей суға кете жаздады

Қапшағайда үш бала бірдей суға кете жаздады. Жағаға жете алмай ышқына көмек сұраған балақайларды құтқарушылар дер кезінде байқаған.

Суға кете жаздаған – 6 жасар бір қыз бала мен 10 жастағы екі ұл. Судың қызығына батқан балалар жағадан қалай ұзап кеткенін байқамаған. 300 метрге дейін жерге жеткенде кішкентай қыздың аяқ-қолы тартылған. Оны су бетінде ұстап тұрған қалған екі бала да су жұтып, су астына кетуге аз қалыпты. Балалардың айқайын құтқарушылар естіп, дер кезінде жеткен. Оқушылардың ата-аналары бұл жайттан бейхабар екен. Яғни, шомылуға кеткенін білмеген. Жағалауда да ешкім болмаған. Алматы облысының құтқарушылары өткен демалыста тағы 5 жасар қыздың суға батып кете жаздағанын айтады. Онда да бүлдіршін ата-ананың қарауынсыз қалыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде