{metadescription}
Педофилді құрықтаймын деп биіктен секірген полицейге орден берілді
Педофилді құрықтаймын деп биіктен секірген полицейге орден берілді

Педофилді құрықтаймын деп биіктен секірген полицейге орден берілді

Алматыда педофилді құрықтаймын деп көпқабатты үйдің терезісінен секірген полицейді президент Қасым-Жомарт Тоқаев екінші дәрежелі «Айбын» орденімен марапаттады.

Бақытжан Бәкіров қылмыс орныннан із суытпақ болған қаскөйдің соңынан 13-қабаттың терезесінен секірген. 11-ші қабаттағы террассаға түскен кезде тобығын шығарып, табанын сындырып алыпты. Жанқияр полицей әріптесі келгенше педофилді жібермей ұстап отырған. Күдікті қазір темір торда. «Кәмелетке толмаған жасөспірімді тонау және зорлау» бабымен тергеу жүріп жатыр. Алты баланың әкесі, полиция майоры педофилді қолға түсіру оңайға соқпағанын айтады.

Бақытжан Бәкіров, полиция майоры:

-Сол үйге барып, ПИК азаматтарының киімін сұрап, үйдің  егесімін дегеннен кейін, іздеген адамымыз есік ашты. Образға кіріп, сантехник сияқты ас үйге кірдік. «Қай жерден су ағып жатыр?» дегенде, ол сезді ме, қаша жөнелді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде