{metadescription}
Ескерту: Нөсер, бұршақ, дауыл
Ескерту: Нөсер, бұршақ, дауыл

Ескерту: Нөсер, бұршақ, дауыл

Қостанайда аптап ыстықтан соң нөсер жаңбыр мен бұршақ жауып, көше суға толды. Соның салдарынан көлік қозғалысы қиындаған.

-Бұл – көпір. Көлік әрең жүріп келеді. Былайша айтқанда, бұл өзенге шомылуға болады. 

Шіліңгір шілдеде табиғаттың тосын мінезіне таңырқаған халық әбігерге түскендерін әлеуметтік желіге салған. Бармақ басындай бұршақ жауған қала артынша нөсер жаңбырдың астында қалыпты. Жауын суының тереңдігі кей жерде тізеге дейін жетеді. Көптеген көлік көлшікке батып, жолдан әзер өтуде. Ал көк мұздың кесірінен тұрғындар тіпті сыртқа шыға алмаған. Бұған қоса, өңірде жылдамдығы секундына 15-20 метрге жететін жел соғатыны ескертілді. Алдағы күндері ауа райы тағы да аяқ асты өзгеруі мүмкін.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.