{metadescription}
Бурабайға демалуға келгендерді кері қайтарып жатыр
Бурабайға демалуға келгендерді кері қайтарып жатыр

Бурабайға демалуға келгендерді кері қайтарып жатыр

Карантинде тоқыраған кәсіп. Бурабайда туристерге бейімделген бизнес шетінен тоқтап жатыр. Өйткені карантинге байланысты курортты аймақ толық жабылған. Ал мұның зардабын қонақүй, мейрамхана иелері сияқты демалушылардан кіріс көрген кәсіпкерлер тартуда. Тамыз айының басына дейінгі тыйымның Бурабайдағы салдары жайлы баяндайды.

-Бас санитар дәрігердің бұйрығына сәйкес карантинге жабылған. Біз бұған наразылық білдіреміз.

Бурабайды бетке алсаңыз, дәл осындай тексеріске тап боласыз. Осы маңда тұрмайтын, қонақ үйден алдын ала орын алмағандарды кері қайтарып жатыр. Мәселен, бұл қонақ үйде 25 бөлме болса, соның қазір тек біреуінде ғана адамдар бар.

Кристина Айтмұхамбетова, қонақүй әкімшісі:

-Карантин кезіндегі шектеулердің салдарынан курортқа, қонақ үйге келушілердің саны күрт төмендеп кетті. Жағажайлардың барлығы бос тұр. Көк тиын кіріссіз қалдық. Бірақ жұмысшыларға айлық төлеу керек. Қиын кезеңге тап болдық.

Айгерім Сейітова, кафе әкімшісі:

-Өткен жылы демалушылар көп болған. Аспазшы 10 адам болды, енді алтауы жұмыс істейді. Даяшылар да азайды.  

Карантин шектеулері енгізілгенімен, Ақмола облысының ақмаржанына ағылған жұрт тыйылар емес. Алайда блок-бекетте қатаң қадағалау әр көлікті жіті тексеріп, демалуға келгендерді кері қайтарып жатыр.

Мұрат Мұсалдинов, турист:

-Жағалай шектеулер енгізіліп жатыр. Күн қайнап тұр. Суға түскіміз келеді. Бірақ талаптан аттап өте алмаймыз. Бір сөзбен айтқанда, жаз рахатын сезіне алмайтын түріміз бар. 

Тыйым салдарынан тиынсыз қалған кәсіпкерлерге осы карантиннің өзінде қолдау бар. Алдын ала орын алып қойғандарға қонақ үйден бөлме беріледі.

Азамат Баймұқанов, Бурабай ауданы әкімдігінің бөлім басшысы:

-Мемлекеттік органдардың жедел қабылдаған шараларының арқасында қонақ үй кәсіпкерлеріне тәуір қолдау көрсетіліп жатыр. Негізі, әуелгі шешімге сай, барлық қонақ үйді жауып тастау көзделіп еді. 

Пандемия Бурабайдың ғана емес, тұтастай туризм саласын тұралатып тастады. Бұл ауыр соққыдан сала қай уақытта оңалары белгісіз. Бір анығы, карантин тамыз басында аяқталар, ал салдары одан да ұзақ болмақ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде