{metadescription}
Ксения Пилпани Грузияда жоғалған баласын іздеуге кірісті
Ксения Пилпани Грузияда жоғалған баласын іздеуге кірісті

Ксения Пилпани Грузияда жоғалған баласын іздеуге кірісті

Грузияда жоғалған қазақстандық баланы іздеу жұмыстарына анасы да кірісті. Ксения Пилпани шекараның жабылуына байланысты Біріккен Араб Әмірліктерінде қалып қойған болатын. Араға қазақ дипломаттары араласып, алматылық келіншек ұлы жоғалған елге өте алды. 

Әйелді шекарасы карантинге жабылған Грузияға өткізу үшін қазақ елшілері қос мемлекеттің консулдарымен келісіп, үшінші мемлекет Нидерландының астанасы Амстердам арқылы алып өтті. Десе де, келіншек карантиндік талаптарға сәйкес, Грузияға қонған бетте сынама тапсырды. Жедел тест теріс нәтиже көрсеткен соң ғана, шекарашылар оны өткізген. Ксения Пилпани әуежайдан шыққан бойда бірден Сванетияға жол тартты. Қазір ол өзге еріктілермен бірге елдімекенді шарлап, таудың арасынан ұлын іздеп жатыр.

13 жастағы Илья Пилпани Грузиядағы туыстарына әкесімен бірге қыста қыдырып кеткен. Содан вирусқа байланысты шекара жабылып, әке мен бала кері қайта алмай, сонда қалып қойған. Мәліметтерге қарағанда, алматылық оқушы жоғалар күні жақындарымен сөзге келіп, велосипедке мініп, үйден шығып кеткен. Жоғалғанына бүгін тоғызыншы күн, баладан әлі хабар жоқ.     

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде