{metadescription}
Кондиционер коронавирусты ушықтыра ма?
Кондиционер коронавирусты ушықтыра ма?

Кондиционер коронавирусты ушықтыра ма?

Кәдімгі кондиционер де коронавирусты ушықтырады. Осындай байлам жасаған пульманолог дәрігерлер аурудың алдын алу мақсатында кеңсе немесе үй ішіндегі ауа салқындатқыш құрылғыдан қашық жүруге кеңес береді.

Абзал Малбасқанов, пульмонолог:

-Кондиционер әрқашан салқын тигізіп алу секілді жағдайды туғызады. 30-45 градусыстықтан қорғану үшін кеңсеге немесе үйге ауа салқындатқыш құрылғы орнатамыз. Тіпті көлікте де үнемі қосып қоямыз. Өкінішке қарай, салқын ғимаратта отырған адам сыртқа шыққанында ағза температурасы бірден көтеріліп кетеді. Соның кесірінен иммунитет төмендейді.

Мамандардың айтуынша, жаныңды жай таптырып қосулы тұрған кондиционер коронавирустық инфекцияны өршітіп, індет жұқтыруды жеделдетуі мүмкін. Өйткені құрылғы жұмыс істегенде ғимараттың есік-терезесі жауып тастаймыз. Ауа алмаспай, бөлме ішінде вирус жұқтыру қаупі күшейеді екен. Сондықтан ыстықтан қорғанып кондиционер қоссаңыз, бөлменің ауасын жиі тазарту қажет. «Үнемі салқын ауа үрлеп тұратын  құрылғының сүзгішін жиі ауыстырып тұру қажет», - дейді мамандар.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде