{metadescription}
Алматы облысында келіншек суға секіріп өлмек болды
Алматы облысында келіншек суға секіріп өлмек болды

Алматы облысында келіншек суға секіріп өлмек болды

Алматы облысында жас келіншек көпірден секіріп кетті. Суға кетіп  өлмек болған 28 жастағы тұрғынды полицейлер бақылау камерасынан көріп, құтқарып қалды.

-Қарындас! Әй, суға секірді, суға!

Оқиға кешкі сағат сегіз шамасында болды. Қапшағай су қоймасындағы көпірдің қиыр шетіне шығып алған әйелді тәртіп сақшылары бірден байқаған. Суға секіріп кетпек болған келіншекті полицейлер сөзбен тоқтатуға тырысыпты. Алайда ол ешкімге көнбеген. Келіншектің соңынан қос бірдей сақшы секіріп, оны аман-есен жағаға алып шықты. 28 жастағы Қапшағай тұрғыны ата-анасымен ұрсысып, өз-өзіне қол жұмсамақ болған.   

Айбек Нұрмекенов, полиция қызметкері:

-Мен оның артынан секірдім. Жақын маңда балықшылардың көмегімен қызды аман алып қалдық. Қайыққа көтергеннен кейін оған алғашқы медициналық көмек көрсетіп, полиция басқармасына апарып жеткіздік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде