Құрбан айтта қой неге қымбат? Бас имамның түсініктемесі
Құрбан айт мейрамы кезінде елордаға сырттан мал әкелуге, сатуға және жер үйлерде адам көп жиналып құрбандық шалуға тыйым салынады. Жыл сайын мал союға арналып ашылатын орындар да биыл болмайды. Ал онлай тапсырыс беріп құрбан шалуға мүмкіндік бар.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
28.07.2020
Қасиетті мейрамда малды онлайн сойғысы келетіндер тым аз болып шықты. Елордалықтар 150 қой мен 5 ірі қара союға тапсырыс берген. Ал бас қаладағы етке мұқтаж азаматтардан екі жарым мың өтінім келіп түсіпті. Құрбан2020 сайты өтінішті 30-шілдеге дейін қабылдайды. Бірақ құрбандық шалушылардың аздығына байланысты мұқтаж отбасылардан мал етіне өтініш қабылдау уақытша тоқтатылған. Арнайы Құрбан айт мейрамына ашылған сайтта ірі қара мен қой-ешкінің бағасына көпшіліктің көңілі толмайды. Мәселен, сайтта бір қойдың бағасы 50 мың теңге. Бұған қатысты бас имам түсініктеме берді.
Ерболат Жүсіпов, Нұр-Сұлтан қаласының бас имамы:
-Нұр-Сұлтан қаласында қойдың бағасы 50 мың теңге деп бердік. Ал ірі қараның бағасы 350 мың теңге деп бердік. Алты айға жетпеген немесе арықтау тоқтыны 35-40 мыңға алуыңыз мүмкін. Бірақ біз бір нәрсені білуіміз керек. Қой мен ешкі бір жасар болуы керек. 40-35 мың көлеміндегі қой шариғат талабына келмейді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!