Грузия мен Таиландқа әуе қатынасы ашылуы мүмкін
Тамыз айында Қазақстаннан Грузия мен Таиландқа әуе қатынасы ашылуы мүмкін. Бұған дейін маусымың 20-да Түркия мен Оңтүістік Кореяға әуе рейстері жанданып еді. Сол кезден шілденің 4-не дейін 600-ден астам қазақстандық турист Түркияға барып қайтқан.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
28.07.2020
Дастан Рыспеков, ҚР Туризм индустриясы комитетінің төрағасы:
-20 маусымнан бастап Түркия мен Оңтүстік Кореяға халықаралық қатынас ашылды. 2020 жылғы 20 маусым мен 4 шілде аралығындағы кезеңде 622 қазақстандық турист туркомпания қызметін пайдаланып, Түркияда демалуға мүмкіндік алды. Өкінішке қарай, эпидемиологиялық жағдайдың нашарлауына байланысты, Түркияға рейстер уақытша тоқтатылды.
Мәдениет және спорт министрлігі Туризм индустриясы комитетінің төрағасы ішкі туризм ахуалы мен талаптарына да тоқталды. Вирус қаупін ескере отырып, елеміздегі Алакөл жағалауында және Щучье-Бурабай курорттық аймақтарында демалу ережесі бекітілген. Бұл демалыс орындарында алдын ала төленген бронь бойынша демалушыларды қабылдауға болады. Шығыс Қазақстандағы Алакөлге баратындардың отбасының бір мүшесіне ПТР анықтамасының болуы шарт. Блок-бекеттерде туристтерде алдын ала бронь болуы да ескеріліп, тексеріледі. Ал эпидахуал тұрақтануын ескере отырып, тамызда бірқатар елдерге әуе қатынасын қайта жандандыру қарастырылған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!