{metadescription}
Кәсіпкерлер салық төлеуден босатылуы мүмкін
Кәсіпкерлер салық төлеуден босатылуы мүмкін

Кәсіпкерлер салық төлеуден босатылуы мүмкін

Елдегі кәсіпкерлер салық төлеуден босатылуы мүмкін. Тек олардың интернет саудадан түсетін кірісі жылдық жиынтық табыстың кемінде 40 пайызын құрауы тиіс. Шенеуніктердің пікірінше, мұндай өзгеріс елдегі интернет-сауданы дамытуды жеделдетеді.

Қазір қазақстандықтардың интернетте сауда жасауы қалыпты үрдіске айналып келеді. Пандемия кезінде бұл тиімділігін көрсеткен. Өткен жылмен салыстырғанда қолма-қол ақшасыз есеп айырысу көлемі екі жарым есеге артып, 7 жарым триллион теңгеге жетіпті. Сауда министрі электронды сауда артқанымен, әлі күнге дейін кедергілер жойылмай отыр дейді. Дәлірек айтсақ, көлеңкелі экономика, банктің жоғары комиссиясы, бизнестің электрондық төлемдерді қабылдауға дайын еместігі, тауарлардың уақтылы жеткізілмеуі сияқты мәселелер. Бүгінде елімізде шамамен екі мың интернет-дүкен бар. Десек те оның барлығы салық жеңілдігіне ілікпейді.

Бақыт Сұлтанов, ҚР Сауда және интеграция министрі:

-Қазақстанда 2000-нан астам интернет-дүкен жұмыс істейді. Алайда салық жеңілдіктерін алу үшін табыс салығын төлеуден босатылған 601 интернет-дүкен тіркелген. B2C арналары бойынша, сату әсіресе, дәрі-дәрмектерді, тұрмыстық заттарды және азық-түлік өнімдері онлайн сатуда байқалады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде