Күшейтілген карантин тағы 14 күнге ұзартылды
Қазақстанда екінші тамызда аяқталуы тиіс карантин тағы екі аптаға ұзартылды. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирустың таралуына жол бермеу жөніндегі мемлекеттік комиссияға тиісті тапсырма берді.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
29.07.2020
Бір қызығы, кеше ғана үкімет карантинді кезең-кезеңімен жеңілдету бойынша жоспарды қабылдап қойған. 5-шілдеден бастап қатаң шектеулерге байланысты жұмысы тоқтаған нысандар қайта іске кірісуі керек еді. Ол: сауда орталықтары, балалар үйірмелері, мектепке дейінгі мекемелер, сұлулық салондары мен шаштараздар. Қоғамдық көлік қатынасы да қайта жандануы тиіс болған. Ал бұған індет көрсеткішінің төмендеуі себеп. Дегенмен күшейтілген карантин тағы 14 күнге созылып отыр.
Шілде айында енгізілген шектеу шараларының оң әсерін одан әрі арттыру мақсатында, сондай-ақ, Қазақстандағы және шекаралас мемлекеттердегі эпидемиологиялық жағдайдың күрделене түсу ықтималдығын ескере отырып, Қасым-Жомарт Тоқаев Мемлекеттік комиссияға карантин шараларын кезең-кезеңімен жеңілдету арқылы екі аптаға ұзартуды тапсырды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!