Қырғызстанда коронавирустан көз жұмғандарды аза тұтты
Бүгін Қырғызстанда коронавирустан көз жұмғандарды ұлттық аза тұту күні. Айыр қалпақты ағайындар бұл күні кесел құрбандарын еске алып жатыр.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
30.07.2020
Қырғызстан президенті Соронбай Жиенбеков індеттің ілмегіне ілігіп, қайтыс болған марқұмдардың туыстарына көңіл айтты. Қасым-Жомарт Тоқаев та көрші мемлекеттің басшысына жедел хат жолдап, қабылданып жатқан шаралар мен қырғызстандықтардың бірлігі алдағы уақытта елдегі эпидемиологиялық жағдайдың тұрақталуына мүмкіндік жасайды деген сенім білдірді. Қырғызстанда дертті 34 592 адам жұқтырып, 1 347 адам көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!