Ақтауда көршілер жабылып жүріп, 5 жастағы қызды педофилден құтқарып қалды
Ақтауда 5 жастағы қызды педофилдің қолынан тұрғындар құтқарып қалды. Арам ойын жүзеге асырмақ болған оны көпқабатты үйдің балконында тұрған адам байқап қалған. Содан көршілер дабыл қағып, жабылып жүріп бүлдіршінді құтқарып қалды.
Автор: Бекен Әлирахым
30.07.2020
-Мына кісіден абай болыңызшы,мына қызды алып бара жатыр. Айқайлап зорға алып қалдым.
Оқиға көпқабатты үйлердің алдынағы ойын алаңқайында болған. Куәгерлердің айтуынша, педофил көп уақыт бойына ойын алаңындағы балалардың әр қимылын аңдып отырыпты. Ал балконнан балаларын бақылап отырған ата-аналардың бірі күмәнді кісіні байқап қалған. Артынша әлгі адам бес жастағы қызды күштеп подъезге әкетіп бара жатқанын көрген кезде дереу көршілердің барлығына хабарласып көмекке келіпті. Жанашыр жандардың арқасында бүлдіршін зорлықтан аман қалды. Қазір қылмысқа күдікті деп танылған азамат уақытша қамауға алынып, осы оқиғаға қатысты сотқа дейінгі тергеу-тексеру амалдары жүргізіліп жатыр.
Ақсырға Мұқанова, Ақтау қаласының тұрғыны:
-Не болды, Дана, балалар аман ба десем, осылай-осылай үшінші подъезде бір жігіт ішіп алған, бір қызды зорлайын деп жабысып жатыр екен. Қыз итеріп, жылап жатыр, «сүй» депті. Осы жерде бәріміз жиналып, көрші-қолаң, қорқып кеттік. Денеміз түршігіп, мынау болмаған жағдай, қиын жағдай өте.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары