{metadescription}
0:000:00
«Екі жыл төрт ай дегенде әрең әділдікке жеттім». Томирис Байсафаның анасының сұхбаты

«Екі жыл төрт ай дегенде әрең әділдікке жеттім». Томирис Байсафаның анасының сұхбаты

Жанна Ахметова жалғыз қызын өлтірген бай баласының ақыры ұсталғанына ризашылығын білдірді. Мәскеуде төртінші қабаттан құлап өлген Томирис Байсафаның анасы суицид дегенге басынан-ақ сенбеген. Әділдік сұрап шырылдаған әйел Дағыстанның бұрынғы премьер-министрінің баласынан сезіктеніп еді. Муртузали Меджиов қазір қамауда. Онда да араға президент Қасым-Жомарт Тоқаев араласқан соң ғана, төрт мәрте тоқтап, жабылған іс Ресей Федерациясының бас тергеу басқармасына өтіп, қазақ қызының суицид жасамағаны ақыры белгілі болды.

Екі жыл төрт ай дегенде әділдікке жеткен ана не дейді?

Бұл келіншектің Мәскеуде тоздырмаған табалдырығы қалмаған. Қызы өзі оқып жүрген жоғары оқу орнының төртінші қабатынан құлап кеткенде, бірде-бір құзырлы орган кінәліні іздеп табуға құлық танытпапты. Керісінше, Томиристің өзі «суицид жасады» деп, жабулы қазан күйінде қалдыра салғысы келген. Ал сол күні қазақ қызымен бір аудиторияда болған Муртузали Меджидов болса, күдіктіден куәгер боп шықты. Мұндай әділетсіздікке жүрегі шыдамаған ана қызының өзі өлмегенін төрт мәрте дәлелдеуге тырысыпты. Бірақ төрт тергеуші де бірінің аузына бірі түкіріп қойғандай, Томиристі кінәлі етіп шығара берген. Тек араға мемлекет басшысы араласқан соң ғана, іс Ресейдің Бас тергеу басқармасына өтіп, күдіктінің қолына ақыры кісен салынды.

Жанна Ахметова, марқұм Томирис Байсафаның анасы:

-Тергеу енді әділ жүре бастады. Жаңадан жасалған сараптамалар қызымды әдейі итеріп жібергенін көрсеткен. Содан күдіктінің бары белгілі болды.  Әділдіктің барына көзім жетті. Ақиқат бәрібір ашылар еді. Осы күнге жеткеніме қуаныштымын.

Муртузали Меджидов адам өлтірдім деп отырған жоқ. Сот залына аяғын алшаң басып кірген Дағыстанның бұрынғы Үкімет басшысының баласы судья айыптауды оқып жатқанда да, басын тік көтеріп отырды. Сонымен Мәскеу қаласының Басманный аудандық соты экс-премьердің ұлын сотқа дейін қамауда ұстауға шешім шығарды. Екі жыл төрт ай бойы бостандықта тайрандаған бай баласын тұтқындауға соңғы жүргізілген сараптама себеп болған. Қыздың денесінен табылған саусақ іздері мен қалай құлағанына жасалған сараптама оның өзі секірмегенін, яғни, бірдеудің әдейі итеріп жібергенін көрсеткен. Ал бұған дейін тергеу Меджидовтың түсініктемесіне ғана сүйеніп келіпті.  

Жанна Ахметова, марқұм Томирис Байсафаның анасы:

-Мен Меджидовтан қайта-қайта сұрадым. Қалай болды деп. Бірінші күні ол басқаша айтты, екінші күні мүлдем оқиғаны өзгертіп, басқаша айтып берді. Сосын тіпті ұмытып қалдым, есімде жоқ деп қашқақтай бастады. Содан күдіктендім. Себебі, кінәсі жоқ адам бір ғана шындықты айтар еді ғой. Ал ол әр кезде сөзін өзгертіп жатты.

Муртузали Меджидовтың әкесі Мұхтар Меджидовтың өзі жақында тұтқынға алыныпты. Дағыстанның экс премьер-министрі Үкімет басқарып тұрған кездегі қылмыстары үшін тергеліп жатқан көрінеді. Саясатқа келмей тұрып, Мұхтар Меджидов білдей банкир болған. Дағыстандағы ең бай бес адамның бірі. Егер де Томиристі төртінші қабаттан итеріп жібергені сотта дәлелденетін болса, ұлы 15 жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін.   

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.