Түркияда жоғалып кеткен Арайлым Орынбаева табылмай жатыр
Түркияда осыдан екі жарым ай бұрын жоғалып кеткен отандасымыз әлі табылмай жатыр. Арайлым Орынбаева 9-мамырда Анталиядағы үйден шығып кетіп, содан қайтып оралмаған.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
30.07.2020
Жоғалып кеткен 21 жастағы Арайлымның анасы мен туған-туыс, бауырлары әлемуттік желіге бейнежазба да қалдырыпты. Анасы тіпті кешірім де сұрап жатыр. Салтанат Орынбаева қызы жоғалған күні-ақ жергілікті полицейлерге хабарласқан. Құзырлы органдар дереу бейнебақылау камераларының жазбаларын тексеруге кірісіпті. Бірақ әзірге іздеу шараларынан еш нәтиже жоқ. Куәгерлердің арасында жоғалған қызға түрі келіңкірейтін адамды таулы жердегі бейіттен көргендер де бар екен. Іздеу жұмыстары Түркиядағы Қазақстан елшілігінің де бақылауында.
Нұрбек Алмашов, ҚР СІМ баспасөз қызметінің жетекшісі:
-Қолда бар ақпарат бойынша, ол үйінен шамамен 2 жарым ай бұрын кетіп қалған. Өзімен құжаттарын алмаған. Түркияда тұруға рұқсат беретін ресми құжаты бар. Біздің Анталиядағы консулдығымыз азаматшамызды іздестіру шараларын жүзеге асырып жатқан жергілікті полициямен тұрақты байланыста. Мәселе бақылауға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!