Елімізде коронавирусқа шалдыққандар саны 88 мыңға жуықтады
Елімізде соңғы тәуліктің ішінде коронавирус 1472 адамнан анықталды. Оның жартысы ауру белгілері жоқ науқастар. Қазақстанда коронавирусқа шалдыққандардың саны 88 мыңға жуықтаған.
Автор: Сымбат Ғалымбекұлы
30.07.2020
Сүреңсіз статистиканың көшін Алматы қаласы бастап тұр. Бұл шаһарда кешелі бері қосымша 208 науқас қосылып, дертке душар болғандар 11 444 адамға жетті.
Екінші орында Нұр-Сұлтан қаласы. Елордада 10 796 адам аурумен күресіп жатыр.
Үштікті Атырау облысы түйіндеп тұр. Мұнайлы өлкеде 10 175 адамға кесел жабысқан. Одан кейін Қарағанды және Шығыс Қазақстан облыстарында ауру күннен күнге асқынып барады.
Елімізде COVID-19-ды жеңіп шыққандар мың адамға артып, аурудан құлан-таза айыққандар саны 58 мыңға жуықтады. Өкінішке қарай, елімізде індеттен 793 адам көз жұмған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!