{metadescription}
0:000:00
Қаулы: Көшеде бетперде тақпағандар әкімшілік жазаға тартылады

Қаулы: Көшеде бетперде тақпағандар әкімшілік жазаға тартылады

Енді қазақстандықтар көшеде міндетті түрде медициналық бетперде тағып жүруі тиіс. Ережені елемегендер әкімшілік жазаға тартылады. Бүгін Денсаулық сақтау министрлігі бұл сұрақтың соңғы нүктесін қойып, тиісті қаулыға өзгеріс енгізді.

Бұған дейін бетпердені тек жабық нысандарда тағуға ғана болатын. Дегенмен, елдің кейбір қала, облыс әкімдіктері ереже бекітіп, халыққа көшеде де бетперде тағуды міндеттеді. 83 мыңдай айыппұл салды. Енді бұл ереже нақты күшіне енді. Қазақстандықтар жабық ғимаратпен қоса, көлікте және көшеде де міндетті түрде бетперде тағуы керек. Себебі, бетперде тағу коронавирус жұқтыру қаупін 30 пайызға дейін төмендетеді екен. Жаңа ережеге құлақ аспағандар Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 64 бабы бойынша айыппұл арқалайды.

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

-Азаматтар енді міндетті түрде қоғамдық орындарда, көшеде бетперде тағып жүруі керек. Бұл тұрғы да біз халықаралық тәжірибені ескердік. Далада бетперде тағуды міндеттеу тек Қазақстанда ғана емес, АҚШ-тың 44 штатында, Польша, Австралия, Словакия сияқты елдерде енгізілген. Ғалымдар бұл қорғаныс құралдары арқылы қауіпті індеттің бетін қайтаруға, ауру көрсеткішін төмендетуге болатынын айтып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.