{metadescription}
0:000:00
Руслан Жанпейісов бір жылға соталды

Руслан Жанпейісов бір жылға соталды

Шымкент соты Руслан Жанпейісовтің ісіне нүкте қойды. Атышулы блогер жәбірленушінің денсаулығына зиян келтіріп, билік өкіліне тіл тигізгенімен қоймай, сол әрекетін әлеуметтік желіге таратқаны үшін кінәлі деп танылған. Енді ол бір жылын темір торда өткізуі тиіс.

«Белсендінің осыған дейін де заң бұзғанын ескердік», - дейді судья. Алайда Бейбарыс Райымбеков – бұл Жанпейісовтың шын аты, өзіне тағылған кінәні мойындаған жоқ. Енді ол жазасын қауіпсіздік деңгейі төмен қылмыстық атқару мекемесінде өтейді. Сондай-ақ, ол жәбірленуші тарапқа 550 мың теңге көлемінде айыппұл төлеу міндеттелді.

Көпшілікке полиция қызметін сынау арқылы танылған Руслан Жанпейісовтың сот ісі осыдан бір жыл бұрын басталған. Ол көшеде басқа бір жүргізушімен жанжалдасып, соңында қарсыласының бетіне бұрышты газ шашқан. Бірнеше рет медициналық сараптамадан өткен жәбірленушінің екі көзін химиялық күйік шалып, көру қабілетінің төмендегені анықталыпты.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

11

12

13

14

15

16

17

18

19

20

21

22

23

24

25

26

27

28

29

30

31

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде