{metadescription}
Алматыда шілдеде карантин тәртібін бұзған 1400 тұрғын айыппұл төледі 
Алматыда шілдеде карантин тәртібін бұзған 1400 тұрғын айыппұл төледі 

Алматыда шілдеде карантин тәртібін бұзған 1400 тұрғын айыппұл төледі 

Алматыда бетперде тақпағандармен күрес күшейді. Көшелерді аралауға шыққан санитар дәрігерлер мен полиция ережені елемегендерді жаппай жазалап жатыр. Соңғы айда қалада карантин тәртібін бұзған 1400 тұрғын айыппұл арқалаған. 

Құзырлы орган тексерісті халық көп шоғырланған орындардан бастады. Алайда қала тұрғындарының көбі бас санитардың қаулысын білмейтін болып шықты. Дегенмен тәртіп сақшылары мен санитар мамандар карантин тәртібін бұзғандарды аяған жоқ. Әсіресе көшеде бетперде тақпай жүрген жұрт жаппай 83 мың теңге көлемінде айыппұл арқалады. Сақтық шарасын күшейткен мобильдік топ тұрғындарды санитарлық талаптарды орындап, ережеге бейжай қарамауды сұрайды. «Ал бетперде тағу ең басты талап екенін ұмытпаған жөн», - дейді санитар-дәрігерлер.

Татьяна Аханина, Медеу ауданы тауарлар мен көрсетілетін қызмет сапасы мен қауіпсіздігін бақылау департаментінің бас маманы:

- Бүгін де күні-түні тексеріске шығамыз. Бірақ халық көбінесе жаңа қаулыны естімедік деп ақталады. Бетперде тағу кез келген адамға міндет. Осы талапты түсіндіре келе, тұрғындарды әкімшілік жауапкершілікке тартуға мәжбүрміз. Өйткені қауіпті кесел кеулеп кетпес үшін адамдар санитарлық ережені орындауға міндетті. Барлығы осыны тәртіпті түсінуі тиіс.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде