{metadescription}
Алексей Цой тергеуге алынған орынбасарына қатысты пікір білдірді 
Алексей Цой тергеуге алынған орынбасарына қатысты пікір білдірді 

Алексей Цой тергеуге алынған орынбасарына қатысты пікір білдірді 

«Қаржы жымқырды» деп ұсталған Денсаулық сақтау вице-министрі өткен аптада жұмысынан өз еркімен кетпекші болған. Дегенмен Олжас Әбішевтің арызына Алекцей Цой әлі қол қоймапты. Бүгін министр қолына кісен салынған орынбасарына қатысты пікір білдірді. 

Алексей Цой, ҚР денсаулық сақтау министрі:

- Тергеу жүріп жатыр. Уәкілетті органдар бұл туралы ақпаратты жариялайды. Олжас Әбішев өз еркімен жұмыстан шығуға өткен аптада арыз жазды. Бұл мәселе қаралып жатыр. Егер оның кінәсі дәлелденіп, шешім қабылданса, ол қызметінен босатылады.

Әлеуметтік желіде әуесқой түсірілім тез таралып кетті. Онда Қаржылық мониторинг комитетінің ғимаратынан шыққан арнайы жасақ пен бейтаныс адам көрсетілген. Желі қолданушылары оны Денсаулық сақтау вице-министрі Олжас Әбішев деп нақтылайды. Кейін экономикалық тергеу қызметі 2-тамызда шенеунікті ұстағанын мәлімдеп, ақпаратты растады. Екі жыл бұрын Денсаулық сақтау министрінің орынбасары болып тағайындалған Олжас Әбішев «бюджет қаражатын жымқырды» деген күдікке ілінген. Қазір іс бойынша тергеу жүргізіліп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.