{metadescription}
Елімізде қанша дәрігер КВИ пневмонияға шалдыққанын ешкім білмейді
Елімізде қанша дәрігер КВИ пневмонияға шалдыққанын ешкім білмейді

Елімізде қанша дәрігер КВИ пневмонияға шалдыққанын ешкім білмейді

Қазақстанда ресми мәліметтер бойынша Covid-19 вирусы сегіз мыңнан астам дәрігерге жұққан. Ал коронавирустық пневмонияға шалдыққан дәрігерлердің санын ешкім білмейді. Себебі, статистика жүргізілмеген.

Ажар Ғиният, ҚР денсаулық сақтау вице-министрі:

- Елімізде коронавируспен ауырған 8518 медицина қызметкері бар. Ал пневмонияға шалдыққандардың саны туралы мәлімет жоқ. Егер коронавирустық пневмониямен күресте ауырған медициналық қызметкерлер өтемақы алуға өтініш білдірсе, біз қолдаймыз. Барлық медициналық құжаттар тексеріліп, жергілікті атқарушы органдар деңгейіндегі комиссияларға жіберілетін болады.

Өтемақы туралы айтар болсақ, бүгінде 8 мыңнан астам дәрігердің тек 123-і ғана біржолғы төлем алған. Ал ақ халаттылар тарапынан қанша өтініш берілгені жайлы Денсаулық сақтау министрлігі ауыз ашпай отыр. Ресми орган басшылығы жергілікті әкімдіктер де өтініштерді тіркейді деп ақталды.

Аймақтардағы комиссия медициналық қызметкердің шынында инфекцияны жұмыс орнында жұқтырғанын, не жұқтырмағанын анықтайды. Оның ішінде кеселден көз жұмған дәрігерлер де бар. Қазақстанда олардың туыстары әлі күнге дейін өтемақы ала алмай жүр. Шенеуніктердің сөзінше, ақшаның тез төленбеуіне заң кедергі. Мұрагерлік құқығы адам өлгеннен кейін жарты жылдан кейін ғана түседі екен. Ал бұл аралықта туған-туыстар өтемақыны кімнің алатынын анықтап алғаны жөн.

Коронавируспен күреске тартылған және өзі жұқтырған медицина мамандарына екі миллион теңге мөлшерінде біржолғы төлем төленеді. Ал қаза болған жағдайда мемлекет оның отбасына 10 миллион теңге төлеуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде