Тоқаев министрлер кабинетінің басты міндетін тағы да шегелеп айтты
Үкімет карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуі тиіс. Президент министрлер кабинетінің басты міндеттерін тағы да шегелеп айтты. Twitter парақшасындағы жазбада Қасым-Жомарт Тоқаев коронавирус пен өкпе қабынуынан көз жұмғандардың саны әлі де жоғары екенін атап өткен.
Автор: Гүлбағда Қайратқызы
03.08.2020
Қасым-Жомарт Тоқаев, ҚР Президенті:
- Денсаулық сақтау министрлігі мен барлық медициналық мекемелердің басты міндеті – өлім-жітім деңгейін ең төменгі шекке түсіру. Үкімет азаматтардың карантин режимін сақтау жөніндегі шараларды күшейтуге міндетті. Онсыз пандемияға қарсы күресте жеңіске жету мүмкін емес.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!