{metadescription}
Covid-19: Науқастар саны 100 мыңға жақын, бір тәулікте 1069 адам шалдыққан
Covid-19: Науқастар саны 100 мыңға жақын, бір тәулікте 1069 адам шалдыққан

Covid-19: Науқастар саны 100 мыңға жақын, бір тәулікте 1069 адам шалдыққан

Covid-19 вирусы табылған науқастар саны қазір елімізде 100 мың адамға жақындап қалды. Тек соңғы бір тәулікте дертке 1069 адам шалдыққан.

Коронавирус Нұр-Сұлтан мен Алматы қалаларында өршіп тұр. Қос шаһарды қосып алғанда анықталған аурулар саны 400-ден асады. Одан соң Шығыс Қазақстан облысында 100 тұрғынның коронавирус жұқтырғаны белгілі болды. Батыс Қазақстан мен Қарағанды облыстарында да эпидемиялогиялық жағдай тұрақталған. Бұл аймақтарда күніне 50-60 адамнан Covid-19 табылып жатыр. Ал осы күнге дейін коронавирустан қайтыс болған адам саны саны мыңнан асса, пневмониядан соңғы күндері 51 адам көз жұмған.

Жағдай расымен тұрақталған өңірлер де бар. Мәселен, соңғы бірнеше айдан бері алғаш рет Ақтөбе облысында коронавируспен ауырғандар тіркелмеді. Жазылғандар саны да едәуір артып, медициналық университет жатақханасынан ашылған провизорлық орталық жабылды. Сондай-ақ, «Шағала» шипажайындағы аурухана да бірер күнде босамақ.

Самат Данияров, Ақтөбе облыстық ДСБ басшысы:

Облыс көлемінде бірде-бір коронавирус инфекциясына шалдыққан науқас тіркелген жоқ. Жалпы күннен күнге провизорлық, госпиталдық ауруханада жатқан науқас саны азайып келе жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

06 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде