Әшкереленді! Дәрі саудасына жүргізілген тексерістің қорытындысы
Президент пәрменімен дәрі саудасына қатысты жүргізілген тексерістің қорытындысы жарияланды. Пандемия кезінде құлқынның қамымен қалтасын қампайтпақ болған талайдың әрекеті әшкере болды. Ішкі істер министрілігі - 742, Экономикалық тергеу департаменті - 111, жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі - 14 заң бұзушылықты анықтаған.
Автор: Асқарбек Қазанғап
04.08.2020
Негізінен дәрі-дәрмек қат кезеңде оның құнын шарықтатып алып-сатумен айналысқандар қолға түсті. 5-шілде мен 3-тамыз аралығында дәрі бағасын қасақана көтеру бойынша 522 іс қозғалған. Медициналық тауарды заңсыз айналымға түсіргендер бойынша жалпы 869 заңбұзушылық тіркелді. Оған қоса құзырлы органдар гуманитарлық көмекті сататындар мен медициналық мекемелерден дәрі ұрлайтындардың да ізіне түскен.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!