Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлағандарға қатысты сот басталды
Шымкентте әскери бөлімнен қару ұрлаған кіші сержант пен оның сыбайластарына қатысты сот басталды. Сотталушылардың саны – 8. Шымкент гарнизондық әскери сотына қамауда отырған алтауы сотқа онлайн қатысса, бостандықта жүрген екеуі сотқа өздері келді.
Автор: Бек Әбиев
04.08.2020
Сот отырысы басталысымен әскери прокурор бостандықта жүрген екеудің біреуін тергеу изоляторына қамауды сұрады. Сегіз сотталушының тек біреуі ғана әскери қызметкер. 25 жастағы кіші сержант Абылай Балғынбайға қатысты 4-баппен қылмыстық іс қозғалған. Оған 46 қаруды қолды еттті деген айып тағылды. Оның 29-ы Калашников автоматы, 16-сы Макаров пистолеті, біреуі Стример тапаншасы. Қалған 7 күдіктіге қаруды, оқ-дәрілердi, жарылғыш заттар мен жарылыс құрылғыларын жымқыру, не қорқытып алу, заңсыз иемдену, беру, өткiзу, сақтау, тасымалдау немесе алып жүру баптары бойынша айып тағылып отыр.
20-ақпан күні Бадам ауылындағы 102-16 А әскери бөлімінен келісім-шартпен жұмыс істеп жүрген кіші сержант қару-жарақ ұрлап қашқан болатын. Көп ұзамай Алматы қаласынан ұсталып, қамауға алынған-ды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!