{metadescription}
Ата-аналар баласын қашықтан оқытуға құлықсыз
Ата-аналар баласын қашықтан оқытуға құлықсыз

Ата-аналар баласын қашықтан оқытуға құлықсыз

Елімізде ата-аналардың басым көпшілігі баласын қашықтан оқытуға құлықсыз. Бастауыш сыныпта оқитындардың партаға отырып, мұғалімнің көз алдында дәріс алғанын қалайды. Ал Білім министрлігінің талабына сәйкес төменгі сыныптағыларға арнап мектептерде кезекші топтар жұмыс істейтіні белгілі. Ондағы бір топта бала саны 15-тен аспауы тиіс.

Тек ауру-сырқаудан аман болуына ата-ана жауапты. Жаңа оқу жылы алдындағы қарбалас жайында.   

Ақтөбедегі орта мектептерде бастауыш сыныптағыларға оқулықтар үлестіріліп жатыр. Бұрынғыдай бір сыныптың оқушыларына бір мезетте жаппай кітап таратылмайды. Әр ата-ана кесте бойынша баласының оқулығын кезекпен алады. Төменгі сыныпта оқитын ұл-қызының қалай дәріс алатынын мұғаліміне айтып кетеді. Қауіпсіздік үшін қашықтан оқытамын десе де, ол ата-ананың еркінде. Бірақ бастауышта оқитындардың барлығы дерлік кезекші топтарға жазылып жатыр.

Айгүл Баймағанбетова, Ақтөбе қаласындағы №28 мектеп директоры:

- Ата-аналардан сұраныс көп. «Мектепте оқиық, мұғалімді көрейік» дейді. Бастауыш кластың ата-аналары мектепте білім алсын деп айтып жатыр.

Бастауыш сыныптарға арналған кезекші топтарда министрлік талабына сәйкес, бала саны 15-тен аспауы керек. Енді бір топтың балалары екінші топтың оқушыларына  жоламайды. Өйткені әр сыныптың үзіліске шығатын уақыты да әртүрлі. Ал ондағы оқушылардың барлық сабағына жалғыз мұғалім жауапты. Ол басқа сыныптың балаларымен байланыспайды. Сондықтан кейбір өңірлерде сабақ беретін мұғалім жетіспей жатыр.

Гүлдана Нұрсұлтан, Қарағандық облыстық білім басқармасының бөлім басшысы:

- Білім бөлімдері және мектептер өзіне керекті мұғалімдерін және тапшылығын бүгінгі таңда мониторинг жасап, талдау жасап, қажет  ұсыныстарды білім басқармасына жолдады. Бүгінгі таңда барлық елдімекендерде осы жұмыс жүргізілуде.

Білім министрі бірінші тоқсанда елімізде 530 мың бала кезекші топта оқиды деп отыр. Ал ауылдағы шағын мектептерде сабақ әдеттегідей өтеді. Өйткені онсыз да елдімекендегі негізгі мектептерде бала саны аз. Министр Аймағанбетов қандай жағдай болмасын, кез келген форматта сабақ беруге дайынбыз деп отыр.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

Індеттен сырқаттану деңгейінің тұрақты төмендеуіне байланысты білім беру ұйымдарының жұмысы кезең-кезеңмен штаттық режимге ауыстыру бойынша да тиісті жоспарды дайындадық. Тиісті жұмыс жүргізілуде. Қажет болған жағдайда оқу форматын өзгертуге дайын болу қажет.

Бастауыш сыныптардан бөлек, шағын қалалар мен елдімекенде орналасқан колледж студенттері де сабаққа қатынап оқи алады. Елімізде қазір осындай 102 арнаулы білім беретін оқу орны бар, онда 9 мың бала дәріс алады. Осындай колледждерде бір топта студент санын 15-тен асырмау керек. Ал мектептердегі кезекші топтың сабақ кестесі мен уақыты он күн ішінде дайын болады. 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде