{metadescription}
Қашықтан оқу: 500 мың бала интернетсіз отыр
Қашықтан оқу: 500 мың бала интернетсіз отыр

Қашықтан оқу: 500 мың бала интернетсіз отыр

Қашықтан оқу еліміздегі 700 мың баланы әбігерге салғалы тұр. Өйткені 500 мыңға жуық бала интернетсіз отыр. Ал 185 мың оқушының қашықтан білім алуына қажетті техникасы мүлдем жоқ. Компьютерлерге қол жеткізу тіпті елдегі 24 мың ұстазға да арман.

Асхат Аймағамбетов, ҚР Білім және ғылым министрі:

- Жалпы, үлкен тапшылық бар, оны ашық айтуымыз керек. Тек қана қолында ешқандай құрылғысы жоқ 185 мың бала бар. Әсіресе көпбалалы, аз қамтылған және жетім балаларды қамту мәселесі өте өзекті. Ұстаздардың 24 мыңында да техника жоқ. Бұл мәселені мектептердің техникасын беру арқылы шешетін боламыз.

Министрлік оқу жылы басталғанға дейін 500 мыңнан астам баланы компьютермен қамтымақшы. Оқушыларға техникалар уақытша беріледі. Ал адамдардың жаппай жиналуын болдырмас үшін биыл білім күні онлайн режімде өкізіледі.

Елімізде 1-қыркүйекте 2 миллион 600 мың бала сабақты қашықтан оқуды бастайды Оларға интернет платформалар мен «Ел арна» және «әл Фараби» телеарналарын пайдалануға мүмкіндік берілмек. Дегенмен телесабақтарды Қазақстандағы 604 елдімекендегі оқушы көре алмауы мүмкін. Білім министрі мәселені 28 күн ішінде шешеміз деп сендіреді. Сондай-ақ, қашықтан оқу форматында студенттер де білім алады. Болашақ дәрігерлер мен өнер факультеттеріндегі студенттерге министрлік ерекше жағдай жасап, аудиторияға оралуға рұқсат берді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде