{metadescription}
Көшеде бетперде киюді міндеттейтін қаулы қайта өзгертілді   
Көшеде бетперде киюді міндеттейтін қаулы қайта өзгертілді   

Көшеде бетперде киюді міндеттейтін қаулы қайта өзгертілді   

Медициналық тұрғыдан тыйымы бар адамдарға бетперде кимесе болады. Денсаулық сақтау министрлігі көшеде бетперде киюді міндеттейтін қаулыны да қайта өзгертіпті. 

Бетперде киюдің тиімділігін әлемдік тәжірибеге сүйене отырып дәлелдеп баққан министрлік оны көшеде киюді де міндеттеген. Тіпті ережені елемегендерге айыппұл салынады деп ескерткен. Енді ашық аспан астында жүргендерге ондай талап қойылмайды. Әрі денсаулығы бетперде тағуға жарамайтындар да бұл сақтық құралынсыз жүрсе, ескерту алмайды. Бұған дейін жұрт шулаған соң, бес жасар балаларға да бетпердесіз жүруге рұқсат етілген.

Алексей Цой, ҚР Денсаулық сақтау министрі:

- Қоғамдық орындарда, қызмет көрсету жерлерінде, ашық аспан астындағы көпшілік орындарда бетперде тағу міндетті. Топтанып, не жеке спортпен айналысып жүргендерден бетперде кию талап етілмейді. Бірақ әлеуметтік қашықтық сақталуы тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде