{metadescription}
Жануарды азаптап, өлтіргендер енді тек айыппұлмен құтылмайды
Жануарды азаптап, өлтіргендер енді тек айыппұлмен құтылмайды

Жануарды азаптап, өлтіргендер енді тек айыппұлмен құтылмайды

Жануарларды өлтіргендер, азаптағандар енді айыппұлмен ғана құтылмайды! Экология министрлігі жануарларды қорғауға қатысты заң жобасын таныстырды. Мұнда жаза барынша қатаңдатылған. Бұдан былай жануарларды қорлықпен өлтірудің соңы абақтымен аяқталуы мүмкін.

Мағзұм Мырзағалиев, ҚР Экология, геология және табиғи ресурстар министрі:

- Біздің пікірімізше, заңнаманы барынша қатаңдатып, Қылмыстық кодекске де жаңа нормалар енгізу қажет. Егер жануарларды азаптау, өлтіру тіркелсе, ондай сорақы әрекеттер қылмыстық жауапкершілікпен жазалануы тиіс.

Экология министрлігі иесіз ит-мысықты дәрілеп өлтіруге де тыйым салмақ. Бірақ бұл бастама бәріне бірдей ұнап отырған жоқ. Өйткені қаңғыбас иттер мен мысықтарды дәрілеп өлтіру, олардың күтіміне қарағанда анағұрлым арзан дейді белсенділер. Ал министрлік тарапы жаңа заңнама аясында шығынның қаншалықты көбейетініне қатысты ақпарат бере алмады. Тек «нақтылаймыз» деп уәде берді.

Жануарлар әлемінің жақтастары тек белсенділердің ғана емес, зоолог, ветеринар мамандар мен зообақ және цирк иелерінің де ұсыныстарын ескеруді талап етті.

Соңғы уақытта елімізде жануарларды асқан айуандықпен азаптаушылардың қатары көбейіп кеткен. Әлеуметтік желілердегі жаға ұстатар бейнежазбалардан соң бұқараның сын-талаптары тыйылар емес. 

Сергей Головенко, Алматы қалалық зообағының волонтері:

- Түсінуімше, жаңа заң жобасында қаңғыбас иттер мен мысықтарды эвтаназиялауды, яғни дәрілеп өлтіру арқылы санын реттеп отыруды тыю қарастырлған. Сонда иесіз жануар біткенді қартайып өлгенше баптап, күтетін арнайы орындар көптеп салынбақ. Міне, мәселе осыдан шығады. Сол қаңғыбас ит пен мысықтарды ұстайтын жайларды салуға бюджеттен қаншалықты қаражат бөлінеді, олардың күтіміне жылына қанша шығын кетпек?

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

20 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде