СҚО: Каменное көлінде қызын жүзіп үйретпек болған әкесі де, оның досы да суға кетті
Солтүстік Қазақстан облысында отбасылық достардың табиғатқа серуені қайғылы оқиғамен аяқталды. Каменное көлінде 9 жасар қызын жүзуге үйретпекші болған азамат суға кеткен. Оны құтқарамын деп жүрген досы да суға тұншығып өлді.
Автор: Бек Әбиев
05.08.2020
Петропавл қаласындағы көп жыл бойы дос қос отбасы көлдің демалысқа тыйым салынған аумағын таңдаған. Көлге келісімен 40 жастағы ер азамат қызын жүзіп үйретпекші болады. Бірақ суда сіңірі тартылып қалған болуы керек, кенеттен тұншыға бастайды. Оны көрген 43 жастағы досы да суға секіреді. Өкінішке қарай, ол да судан шыққан жоқ. Ал қыз дін аман. Қазір оқиғаның мән-жайы мен марқұмдардың спирттік ішімдік ішкен-ішпегені анықталуда.
Нұрлан Атығаев, СҚО ТЖД бастығының міндетін уақытша атқарушы:
- Оқиға Қызылжар ауданында болды. Бугульский ауыл округінде. Біздің оперативтік құтқару бөлімі қызметкерлері орнына шығып, судан біреуін өздері шығарған, екіншісін құтқару бөлімінің қызметкерлері шығарған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!