{metadescription}
Ресеймен шекарада шектеу: Ресейлік импорттың қаупі бар ма?
Ресеймен шекарада шектеу: Ресейлік импорттың қаупі бар ма?

Ресеймен шекарада шектеу: Ресейлік импорттың қаупі бар ма?

Қазақстан Ресеймен арадағы шекараға шектеу қойды. Оған Челябі облысында құс тұмауының тарауы себеп. Енді ресейлік кез келген құс өнімі бері өткізілмейді. Тыйымның қашанға дейін созылатыны да белгісіз. Ішкі нарықта ресейлік өнімнің үлесі жалпы импорттың 2 пайызын ғана құрағанымен, шектеу бағаның өсуіне әсер етуі әбден мүмкін. Ал шектеу енгізілмей тұрып шекара асып келген ресейлік импорттың қаупі бар ма?

«Құс тұмауы табылды» деген жайсыз ақпар Челябіден жеткелі Ресеймен шекарада шектеу енгізілді. Тыйым уақытша делінгенімен, ресейлік құс өнім түрлерінің импортты нақты қай кезге дейін жалғасатыны белгісіз. Бір анығы, H5N8 вирусы анықталған Челябі облысында өндірілген өнімдер ғана өткізілмейді. Шектеу бүгіннен енгізілсе, «бұған дейін келген имппорттық тауар қауіпсіз бе?» деген сауалдың туындауы да заңды.

Асанхан Жұмаш, ҚР АШМ Ветеринарлық бақылау және қадағалау комитетінің бас сарапшысы:

Бұл жағынан енді қам жемеуге болады. Бүкіл Қазақстанға келген өнімдер тамақ өнімдері, оның ішінде құстан алынатын өнімдер ветеринарлық зертханаларда тиісті тексеруен өтеді. 4-тамызға дейін ондай жағдайлар анықталған жоқ. Оның барлығы таза өнім. Қауіптенбеуге болады.

Былтыр Еуроодақ пен басқа да елдерден 136 мың тоннаға жуық құс еті келсе, соның тек 2 400 тоннадан астамы Ресей импорты екен. Ол шамамен 2 пайыздың айналасы. Ал биыл тамызға дейін 1 600 тонна құс еті теріскей көршіден әкелініпті. Жарайды, ресейдің құс етіне қатысты импорттық үлесі аз болғанымен, шектеудің ішкі нарықтағы бағаға әсер етпеуі екіталай.

Мәселен, былтырғы тауықтың сан етінің бір келісі 788 теңгеден биыл 42 теңгеге қымбаттап, 830-ға бір-ақ жеткен. Бұл азық түрінің ең арзаны Ақтөбеде, ең қымбаты Нұр-Сұлтанда тіркеліпті. Ал құс жұмыртқасына келсек, мұнда да қымбаттау бар. Былтыр 10 данасы 237 теңге болса, бүгінде 284-тен сатылады. Ең арзаны Петропавлда екен  213, ал қымбаты Алматыда 373 теңге. Байқасақ, еліміздің терістігіндегі облыстарда ғана ең арзан баға тіркелген. Себебі, ол өңірлерде ресейлік үлестің салмағы басым. Импортқа шектеу сұранысты тұсамасы анық. Олай болса баға да өсе түспек. Жалпы азық-түлік тауарларының қымбаттауы  жеті айдың өзінде кәдімгідей байқалады.

ҚР ҰЭМ Статистика комитеті:

- Баға азық-түлік тауарларына бір жылда (2020 жылғы шілде 2019 жылғы шілдеге) 11,3% өсті. Нан өнімдері және жармалар, ет, балық және теңіз өнімдері, сүт өнімдері, жұмыртқа, май және тоңмай, кондитерлік өнімдер, жемістер, картоп, алкогольсіз сусындар және алкогольді ішімдіктер қымбаттады, ал қант, жаңа жиналған көкөністер арзандады.     

Мамандар Ресеймен қоңсылас өңірлердегі жағдайды бақылауда ұстап отыр. Құс тұмауының адам баласына әсеріне қатысты ғалымдар тарапынан екіұдай пікір бар. Бірі  бұл вирустың қаупі болмашы десе, екіншілері тұмау немесе басқа да асқынбалы дерті барлар үшін аса қауіпті екенін айтады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

01 қаңтар

31 желтоқсан

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде