{metadescription}
Коронавирустың екінші легіне 24 миллиардқа дәрі сатып алынады
Коронавирустың екінші легіне 24 миллиардқа дәрі сатып алынады

Коронавирустың екінші легіне 24 миллиардқа дәрі сатып алынады

Үкімет коронавирустың екінші легіне дайындалып жатыр. Індетке қарсы тұруға 24 миллиард теңгеге дәрі сатып алынатын болды. 

Аталмыш қаражатқа дәрілердің екі айлық қоры жасақталады. Осылайша шенеуніктер дәрі тапшылығы мен қымбатшылығының алдын алмақшы. Одан бөлек, дәріханалар аса қат препараттардың 19 түрімен толтырылатын болады. Ал індет белгілерін емдейтін дәрілерді тек үлкен қалаларға ғана емес, шалғайдағы ауылдарға да жеткізу міндеті «СК-Фармация» компаниясына жүктелген. Өткен айда ғана өңірлерге 9 миллиардқа жуық теңгенің дәрісі таратылған екен. Амбулаторияда науқастарға тегін берілетін дәрі-дәрмектердің де аясы кеңейтілді. Тізімге жаңадан парацетомол, ибупрофен, ривароксабан, дабигатран және апиксабан деген препараттар енгізілді. Денсаулық сақтау министрінің пікірінше, 24 миллиард теңгеге жасақталып жатқан дәрілердің екі айлық қоры коронавирустың екінші легін аман-есен өткеруге жетуі тиіс.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

03 қаңтар

02 қаңтар

01 қаңтар

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде