{metadescription}
Павлодар өңірінде табылған тарихи жәдігерді қайтаруға полиция араласты
Павлодар өңірінде табылған тарихи жәдігерді қайтаруға полиция араласты

Павлодар өңірінде табылған тарихи жәдігерді қайтаруға полиция араласты

Кереку өңірінде жер астынан қола дәуіріне тиесілі қыш құмыралар тауып алған экскаватор жүргізушісі оларды иемденіп алмақшы болған. Ал тарихи жәдігерлерді кайтарып алу үшін археологтарға полиция шақыртуға тура келіпті.

Оқиға Павдолар облысы Башмачное елдімекенінде болған. Ауыл ішінде ауыз су құбырын тарту кезінде ор қазған жүргізуші экскаватордың шөмішімен жер астынан қыш құмыраларды алып шыққан. Бірақ тарихи жәдігерлердің табылғаны жөнінде ешкімге хабарламапты. Есесіне жанындағы құрылысшылармен ескі ыдыс-аяқты ұстап суретке түсіп, өзінде қалдырмақ болыпты. Ал кейін бұл туралы естіген археологтарға тарихи жәдігерлерді бермейтінін айтқан. Іске тәртіп сақшылары араласқан соң ғана қыш құмыралар тарихшылардың қолына тапсырылды. Қирап үлгерген көне ыдыстағы суреттерді зерттеген мамандар олардың шамамен біздің заманымызға дейінгі екінші мыңжылдықтың ортасында көмілген деп болжайды. Бұған қоса, құмыралар анықталған аумақта сол дәуір адамдарының қорымдары бар деген тұжырым жасап отыр.

Жақсыбек Нұртаев, археолог:

Бұл жерде бірнеше жерлеу орны анықталған. Бұл тұтастай бір қорым деп айтуға болады. Өйткені  көп жәдігер табылды, көп жерде орны анықталды. Біз әрбір табылған заттың жерін шамалап анықтап қойдық.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.