{metadescription}
Ақтау мен Мұнайлы тұрғындарын топан су титықтатты  
Ақтау мен Мұнайлы тұрғындарын топан су титықтатты  

Ақтау мен Мұнайлы тұрғындарын топан су титықтатты  

Екі күнгі толассыз нөсер Маңғыстау жұртын әбден әуреледі. Екі тәулікте 7 айлық мөлшердегі жауын түсіп, сел жүріп өтті. Соның салдарынан Ақтау қаласы мен Мұнайлы ауданының тұрғындары топан судың астында қалды.

Ақтау қаласы. Нөсер қаладағы көпқабатты үйдің тұрғындарын да титықтатты. Төбеден шелектеп аққан судан ғимараттың  сатылары сарқырамаға, бөлмелері бассейнге айналды. Көшелерде де жоқ жерден көлшіктер пайда болып, көліктер сонда қалған. Суы табанында ғана жататын каналдар да ернеуінен асып, жұртқа қауіп төндірді.

Мұнайлы ауданында 4 көше мен 8 үйдің ауласы топан суға толды. Тасқын салдарынан көлік қатынасы қиындаған. Абырой бюолғанда, адамдар селден зардап шеккен жоқ.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде