{metadescription}
Алматыда карантин тәртібін бұзған жолаушыны анықтайтын жоба іске қосылды
Алматыда карантин тәртібін бұзған жолаушыны анықтайтын жоба іске қосылды

Алматыда карантин тәртібін бұзған жолаушыны анықтайтын жоба іске қосылды

Алматыда қоғамдық көліктерде бетперде кимейтін және тыйым салынған орынға отыратын жолаушыны анықтайтын жоба іске қосылды. Енді шаһар әкімдігі автобус мен троллейбус ішіндегі адамдарды бейнекамера арқылы қадағалап, тәртіпке бағынбаған азаматқа айыппұл салады.  

Арнайы орталық қоғамдық көліктерде санитарлық талаптың сақталуын онлайн режимде бақылайды. Егер де бетперде кимеген адам анықталса, алдымен жүргізуші оған ескерту жасайды, көнбесе, жүргізуші полиция шақыртып, ережені елемеген айыппұл арқалайды.

Бас санитар дәрігердің қаулысымен кез келген адам көшеде медициналық бетперде тағуы тиіс. Талапқа бейжай қараған тұрғындарға 83 мың теңге көлемінде әкімшілік жаза қарастырылған.

Баян Қоңырбаев, Алматы қаласы цифрландыру басқармасының басшысы:

- Дәл қазір мұндай «ақылды» камера тек бір автобусқа орнатылды. Камера апта аяғына дейін бес қоғамдық көлікте болса, айдың соңына дейін барлық автобусқа орнатылады. Жоба бетперде кимейтіндермен қоса, арақашықтық сақтамайтындарды да анықтайды. Арнайы бейнекамералар автобустағы жолаушылар ағынын бақылап отыруға мүмкіндік береді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде