ПТР-тесттің теріс анықтамасын саудалаған дәрігер ұсталды
Covid-тен ада болудың құны 25 мың теңге. Алматы облысында ПТР-тесттің теріс анықтамасы осынша сомаға саудаланған. Дәрігер анықтаманы сараптама жүргізбей-ақ, сатып жатқан жерінен қолға түсті.
Автор: Нұрқанат Омарұлы
06.08.2020
Айнұр Ыдырысова, Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің аға тергеушісі:
- ПТР-тесттеріне теріс нәтиже көрсетілген анықтама беру үшін 25 мың теңге сыйақы алу кезінде 1984 жылы туған медицина қызметкері ұсталды.
Заңсыз әрекеті әшкере болған дәрігер маусым айынан бері кемі 12 азаматқа осындай жалған анықтама сатқанын мойындаған. Сол 12 адамның да мәселесі қаралып жатыр. Себебі, арасында вирус жұқтырғаны да болуы мүмкін. Ал қылмыс үстінде қолға түскен дәрігер 14 миллион теңгеге жуық айыппұл арқалауы мүмкін немесе 5 жылға дейін бас бостандығынан айырылады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!