{metadescription}
«Аspan Spаce»: Сал ауруына шалдыққан балаларға жақсылық жасайық
«Аspan Spаce»: Сал ауруына шалдыққан балаларға жақсылық жасайық

«Аspan Spаce»: Сал ауруына шалдыққан балаларға жақсылық жасайық

Алматылық еріктілер қайырымдылық шарасына демеушілер іздейді. Жомарт жандардан жылу жинап жүрген жастар сал ауруына шалдыққан балаларға көмек көрсетпек.

«Аspan Spаce» қайырымдылық қоры соңғы үш айда өздігінен жүріп-тұра алмайтын мүмкіндігі шектеулі балаларға 18 оңалтатын құрылғыны тарту етіпті. Дертіне дауа таппай жаны қиналған бір баланың отасына қаржылай көмек көрсеткен. Ауыр сырқатқа душар болған балғындарға түрлі емдік жаттығу жасауға мүмкіндік беретін құрылғылардың бағасы 100 мыңнан 2 миллион теңгеге дейін, тіпті одан да қымбат тұрады. Ал оны сатып алуға қалтасы көтермейтін ата-аналар жетерлік. Сондықтан еріктілер ауқатты азаматтар мен сауапты іске бейжай қарамайтын отандастарымызды сал ауруына шалдыққан балаларға жақсылық жасауға шақырады.

Жандос Бимендеев, ерікті:

- Қазақстанда мұндай балақайлар өте көп. Біз шама-шарқымыз жеткенше көмектесуге ниетіміз бар. Барлық қазақстандықтарды демеушілік жасауға, қайырымдылық жасауға шақырамыз. Біздің командамыз 25 адамнан тұрады. Мақсатымыз балақайлардың күлкісі және олардың жарқын болашағына демеуші болып, көмектесу.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.