{metadescription}
Халықаралық ұйымдар Сенат сайлауын бақылауға ынталы емес
Халықаралық ұйымдар Сенат сайлауын бақылауға ынталы емес

Халықаралық ұйымдар Сенат сайлауын бақылауға ынталы емес

Сенат депутаттарының сайлауын бес халықаралық бақылаушы қадағалайды. Барлығы түркітілдес мемлекеттердің ынтымақтастық кеңесінен. Ал басқа халықаралық ұйымдар Сенат сайлауын бақылауға ынталы емес.

Ержан Ашықбаев, ҚР сыртқы істер вице-министрі:

- Басқа ұйымдар Қазақстандағы эпидемиологиялық жағдайды ескере отырып, тиісті шешім қабылдап отыр. Басқа халықаралық ұйымдардан өтінім түспеді. Сыртқы істер министрілігі бұл сайлауды бақылауға ниет танытқан 143 шетелдік бұқаралық ақпарат құралын аккредиттеді. Олар «Сайлау туралы» заңнамаға сүйене отырып, халықаралық бақылаушылармен бірге науқанды бақылай алады.

Рұқсат алған бес бақылаушының екеуі – Әзірбайжаннан, қалғаны – Қырғызстан, Өзбекстан және Түркиядан келеді. Сенат сайлауы 12 тамызда өтеді. Бастапқыда Жоғары палата депутаттығына 94 үміткер ұсынылған. Қазір соның 58-і тіркеліпті – бір орынға үш адамнан үмітті.

Бүгін Орталық сайлау комиссиясы Беларусьтегі 9 тамызда өтетін президент сайлауына Қазақстаннан 5 бақылаушы баратынын мәлімдеді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде