{metadescription}
Халық санағы неліктен кейінге шегерілді?   
Халық санағы неліктен кейінге шегерілді?   

Халық санағы неліктен кейінге шегерілді?   

Қазақстан биыл халық санағын жүргізуден бас тартты. Ауқымды шара келесі жылға қалды. Ұлттық экономика министрлігі санақты кейінге шегеруге коронавирус пандемиясы себеп болды деп түсіндіреді.

Халық санағын жүргізу тәртібі өзгеріссіз қалды. Қазақстандықтарға мамандандырылған сайтта сауалнама толтыру керек. Жиналған мәліметтерді мамандар планшетке тіркеп, халық арасында жаппай сауалнама жүргізеді. Соңғы рет елдегі азаматтар санын түгелдеу 2009 жылы жүргізілген. Сол кезде Қазақстанда 16 миллион 400 мың адам болған-ды. Алайда ауқымды іс-шара техникалық жағдайларға байланысты 2019 жылға, кейін 2020 жылға ауыстырылды. Енді тағы да өзгертіліп, келесі жылға шегерілді. Шенеуніктер ұлттық халық санағына 8,2 миллиард теңге керек деп, қаржысын да санап берген. 11 жылдан бері санақ жүргізілмесе де, мемлекеттік статистика мәліметіне сәйкес, елімізде 18 миллион 700 мыңнан аса тұрғын өмір сүріп жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде