{metadescription}
Талдықорғанда тәнін саудалаған шетелдік қыздар ұсталды
Талдықорғанда тәнін саудалаған шетелдік қыздар ұсталды

Талдықорғанда тәнін саудалаған шетелдік қыздар ұсталды

Талдықорғанда тәнін саудалаған шетелдік қыздар ұсталды. Қонақ үйде күндіз-түні «тер төккен» түнгі көбелектер карантин талаптарын сақтамағаны үшін де жауапқа тартылды.

Жезөкшелер елде заңсыз жүрген – шекараны заңсыз кесіпті. Қонақ үйде «қызмет қылған» он қызға талдықорғандық келіншек жеңгетайлық жасаған. 29 жастағы әйел бұл жерге клиенттер әкеліп, карантин талаптарын да өрескел бұзған. Түнгі көбелектер де коронавирустан еш сақтанбапты. Жезөкше іздеп келген жігіттер де сақтық құралын пайдаланбай, тәртіп сақшылары сау етіп кіріп келгенде, киімін әзер тауып киді. Сылқымдар – Өзбекстан азаматтары. «Жеңгетайлық» жасаған қонақ үйдің әкімшісінің қолына кісен салынды. Ал түнгі көбелектер еліне қайтарылады.

Ақбота Қуанышбекқызы, Алматы облыстық ПД ресми өкілі:

- Ұсталған адамдар қылмыс есеп базасында тексеріліп жатыр. Жезөкшелікпен айналысу, жезөкшелер ордасын ұстау, «жеңгетайлық» және карантин талаптарын бұзғаны үшін сол мекеменің әкімшісі жауапқа тартылды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.