Қарағандыда құдықтан адам қаңқасы табылды
Қарағандыда орталық көшелердің біріндегі құдықтан адам қаңқасы табылды. Ұзақ уақыт жатып шіруге айналған сүйектерді жол жөндеу кезінде құдыққа үңілген жұмысшылар алып шыққан.
Автор: Саят Дәулетжанұлы
07.08.2020
Жұмысшылар алдымен құдықтан адамның жақ сүйегін тапқан. Бірден полиция шақырып, тереңірек қаза түскенде кеуде, қол-аяқ сүйектері шықты. Мамандар қаңқа қалдықтарының жол астында жатқанына кемі 10 жыл болған деп топшылайды. Полиция сүйектерді сараптамаға жөнелтіп, тергеу жұмыстарын бастады.
Владимир Макеев, жұмысшы:
- Сүйектер кеше табылған. Көп бөлігін полицияға шығарып бердік. Бүгін тағы қалған ұсақ сүйектері шығып жатыр. Міне, қалғандарын тауып қойдық. Полицейлер алып кетуі тиіс.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!