{metadescription}
Петропавлдық азамат екі баласымен бірге үйінде өртеніп кетті  
Петропавлдық азамат екі баласымен бірге үйінде өртеніп кетті  

Петропавлдық азамат екі баласымен бірге үйінде өртеніп кетті  

Петропавлдың 32 жастағы тұрғыны екі баласымен бірге тілсіз жаудың құрбаны болды. Үшеуі де жалын шарпыған үйдің ішінде жан тапсырған.

Қайғылы оқиға қала іргесіндегі үйлердің бірінде түнгі сағат үш шамасында болған. Төтеншеліктерге хабар кеш түсіпті. Өрт сөндірушілер оқиға орнына жеткенше, баспананың шатыры түгел жанып, жалын көршілердің қонысын шарпып үлгерген. Куәгерлердің айтуынша, от лаулаған нысанның ішінде ер адам екі баласымен қалып қойған. Тілсіз жауды ауыздықтауға 20 адам мен 6 өрт сөндіру техникасы жұмылдырылған. Қазір оттың неден тұтанғаны анықталып жатыр. Ал қаза тапқан жігіттің әйелі дін аман.

Нұрлан Атығаев, СҚО ТЖД бастығының міндетін атқарушы:

Ұйықтап кеткен, сол бойда оянбаған.

- Шешесі қайда болған?

- Ол үйде болмаған. Келген кезде үйдің қасында жүрген. Үйде болмағаны қазір тергеу тобымен анықталып жатыр.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.